Күнкөріс деңгейі 39 500 теңгеге көбейді
Күнкөріс деңгейі 39 500 теңгеге көбейді
237
оқылды

Finprom.kz сарапшыларының айтуынша, бір жылда Қазақстанда күнкөріс деңгейі 12,4 пайызға өскен.

Tengrinews-тің жазуынша, зерттеу нәтижесіне қарағанда, күнкөріс деңгейі ең жоғары өңір — Маңғыстау облысы (39 500 теңге), ал ең төмен — Павлодар облысы (28 300 теңге).

Биыл қазанда еліміздегі күнкөріс деңгейі орташа есеппен 32 200 теңге болды, бұл былтырмен салыстырғанда 12,4 пайызға артық. Сондай-ақ, күнкөріс деңгейі жоғары өңірлердің бестігіне Нұр-Сұлтан  (37 200 теңге) мен  Алматы (35 500 теңге), Алматы облысы (32 300 теңге) және Атырау облысы (32 300 теңге) енген.

Күнкөріс деңгейі төмен қалалардың қатарында Павлодар (28 300 теңге), Батыс Қазақстан облысы (28 900 теңге) және Қызылорда облысы (29 400 теңге) бар.