Өскемен әкімдігі қате жазылған қала атауына қатысты мәлімдеме жасады
Өскемен әкімдігі қате жазылған қала атауына қатысты мәлімдеме жасады
222
оқылды

Кейінгі кезде әлеуметтік желі қолданушылары Өскеменге кіреберісте қала атауы жазылған тұғырдағы қатені сынға алды.

Фотосуреттен көрінетіндей, Өскемен атауынан «s» әрпі түсіп қалып Ókemen (Өкемен) деп жазылып қалған. Қала әкімінің кеңесшісі Әлібек Тұрсымбетовтың айтуынша, бұл орфографиялық қате емес.

«Аталған тұғырдағы монтаждау жұмыстары толықтай аяқталмаған. Осыған байланысты «с» әрпі түсіп қалыпты. Әр әріп бөлек-бөлек орнатылған болатын. Қазіргі уақытта тұғырдағы жазу түзетілген», – деді Әлібек Тұрсымбетов.