Ақтаулық полицейлер ұрланған көліктің соңынан қуды – видео
Ақтаулық полицейлер ұрланған көліктің соңынан қуды – видео
167
оқылды
Ұрланған көліктің соңынан қуған ақтаулық полицейлер видеоға түсіп қалған. Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 19 қараша күні сағат 12:07-де Бейнеу аудандық полиция бөлімінің 102 кезекші пультіне автожанармай құю стансасынан Lexus маркалы автокөлік ұрланғаны туралы қоңырау түсті.
«Бейнеу аудандық полиция бөлімі ұрланған автокөлікті іздеуге жеке құрамды жұмылдырды. Күдікті ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде» делінген хабарламада.
https://www.youtube.com/watch?v=MgZsByW0tc4&feature=emb_logo&ab_channel=KAZINFORM

Видео: ҚазАқпарат