8 жастағы бала анасына үй алып берді
8 жастағы бала анасына үй алып берді
255
оқылды

Лос-Анджелесте жағдайы төмен отбасында тұратын 8 жастағы бала Аарон Морено жеке бизнес бастап, жаңа үй сатып алды.  

Аарон Мореноның отбасы Лос-Анджелестің шығысында кішкентай үйде тұрған әрі кедейшілікте өмір сүрген. Жеткіншектің анасы Беренис визасы болмағандықтан жұмысқа тұра алмайды деп жазады РЕН.ТВ. Мексикадағы кішкентай қызын қасына алдыруға шамасы жетпей отырған анасына жеткіншек өзі көмектесті. Ол жеке кәсіп ашып, отбасына жаңа үй сыйлады. Аарон анасының қиналып жүргеніне шыдамады. Сөйтіп, гүл өсіруді қолға алды. Ал анасы ұлына қолдау білдіріп, соңғы 12 долларын береді.  width= Біртіндеп отбасының кәсібі өркендеп, үй сатып алуға жеткілікті қаражат жиналған. Аарон, тіпті анасына жаңа көлік те алып беріп, он жасар қарындасын Мексикадан Америка Құрама Штаттарына алдыртты.

«Мен мұндай нәтижеге қол жеткіземіз деп ешқашан ойлаған емеспін. Бізде қазір үй барына сене алмай отырмын. Мен ұлымды мақтан тұтамын» , – дейді Беренис.

Жас кәсіпкер мұнымен тоқтамай, кәсібін жандандыруға білек сыбана кірісті.  width=