Жамбыл облысында 33 адам КСРО паспортымен жүрген
Жамбыл облысында 33 адам КСРО паспортымен жүрген
134
оқылды
Жамбылда полицейлер Қазақстанда жарамсыз құжатпен жүрген 172 адамды анықтады.
«Участок» жедел алдын алу іс-шарасы және ҚР ІІМ нұсқауларын орындау аясында жергілікті полиция қызметінің және көші-қон басқармасының қызметкерлері бірқатар жұмыс жүргізді. Қазақстан Республикасының аумағында тұратын жеке басын куәландыратын құжаттарынсыз немесе 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспортын уақтылы ауыстырмаған адамдарды анықтауға бағытталған-ды. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Мәселен, аулаларды аралау және ел аумағындағы Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын және өзінің өзге мемлекеттің азаматтығына қатыстылығының дәлелі жоқ адамдардың құқықтық мәртебесін айқындауға бағытталған өзге де шаралар барысында 172 адам анықталды. Оның ішінде 33 тұлға КСРО паспорты бойынша, 68-і басқа құжаттар бойынша, 22-сі құжаттары жоқ, 30-ы шет мемлекеттің азаматтығынан шығуына байланысты азаматтығы жоқ деп танылған тұлға ретінде анықталған» делінген ведомство хабарламасында.
Жамбыл облысы Полиция департаменті жағдайды бақылауға алды.