Коронавирустың үшінші толқыны басталды
Коронавирустың үшінші толқыны басталды
160
оқылды
Оңтүстік Корея астанасы Сеулде әлемді әбігерге салған коронавирус инфекциясының  үшінші толқыны басталды. Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Юн Тэ Хо мәлімдеді.  
"Біз (Сеул ауданында) вирустық инфекцияның үшінші толқыны жүріп жатыр деп санаймыз, себебі дәл осындай жағдай ақпан-наурыз және тамызда байқалған", – деді ол.
Оңтүстік Кореяда күніне коронавирус жұқтырған 300-ден аса адам анықталған жағдай болды. Жақында Сеулде 218 адам тіркелген. Бұл тамыздан бергі ең жоғары көрсеткіш болып отыр. Айта кетейік, елде бес деңгейлі әлеуметтік қашықтық жүйесі қолданылады.