Хабиб Нурмагомедов мансабын жалғастырмайтын болды
Хабиб Нурмагомедов мансабын жалғастырмайтын болды
136
оқылды

UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов АҚШ-та өткізген жанкүйерлерімен кездесуде мансабын жалғастырмайтынын қадап айтты.

Prosports.kz мәлімдеуінше, UFC оның әлі де жұдырықтасқанын қалайды екен. «Қызығушылық бар жерде, ақша да болады. Мұндай әңгіме әлі талай айтылады. Әр жекпе-жегімнен соң бірден қашан келесісі болатынын сұрайтын. Бәрі тойдың жалғасы болғанын қалайды. Бірақ менің жұдырықтасатын жоспарым жоқ. Бір жекпе-жекке шығармын, сосын артынан бірден жеңіс сериясы бар қарсыласы шыға келеді. Олар жұлдыз жасауды біледі. Шегі жоқ. 45 жасқа дейін де жұдырықтасуға болады, бірақ әркімнің алдына қойған мақсаты бар. Мен – мақсатыма жеттім. Енді спорт тұрғысынан алып қарағанда ешқандай қызығушылық қалмады. Кіммен жұдырықтасамын? Нағыз танымал кезімде қомақты табыс түсіруге болар еді. Бірақ мен ақшаны басқа жақтан да таба аламын», - деді спортшы.