Елбасының ерен еңбегін насихаттау – болашақ ұрпақ үшін өте маңызды
Елбасының ерен еңбегін насихаттау – болашақ ұрпақ үшін өте маңызды
330
оқылды

Біз тарихтан сыр шертетін, қазақ даласы өркениет ордасы болғанын, ғылым мен білімнің дамуына айрықша үлес қосқанын қамтыған деректі фильмді мектеп оқушыларына кеңінен насихаттап отырмыз. Мұны еліміздің 2,8 миллионнан  астам оқушы, 700 мыңнан астам жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттері көреді. Қазақстан түркі әлемінің рухани орталығына айналып, әлемге үлгі болуы тиіс.

Тарихтан сыр шертетін фильмді көрсету, Елбасының ерен еңбегін насихаттау арқылы мектеп оқушыларын патриотизмге баулимыз. Тарихты талдаған Елбасы еңбегінің құндылығын зерттеп, бүкіл әлемге паш ету келешек  ұрпақ үшін өте маңызды.   

Елдің өткені мен бүгіні, болашағы үшін Елбасы «Бір халық – бір ел, бір – тағдыр» мақаласында ауызбіршілік пен татулықтың маңыздығына ерекше басымдық берді.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттің қалыптасуы, елдің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық өмірінің жандануына үлкен үлес қосқаны сөзсіз. Осыған байланысты Елбасының тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы ретіндегі тарихи рөлін насихаттау – келер ұрпақ үшін қажет дүние.

    

AstanaTV Елбасы жүргізген саясат мемлекеттің қазақстандық моделін құрудың негізі болды. Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатында этносаралық қатынастың маңызы ерекше. Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Тұңғыш Президент көпұлтты факторды республиканың шынайы игілігіне айналдырды. Қазақстан халқына Жолдауларында Нұрсұлтан Назарбаев әрдайым республика мақтан тұтатын тұрақтылық пен өзара түсіністікті сақтауға шақырды. Осының бәрінің артында Нұрсұлтан Назарбаевтың ауқымды және орасан зор еңбегі көрінеді.  

AstanaTV   Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың дана және теңдестірілген саясатының арқасында Қазақстан Республикасы өтпелі кезеңнің қиындықтарын жеңіп, ұлтаралық қақтығыстардың алдын алды. Еліміздің Тұңғыш Президенті бірегей институт – Қазақстан халқы ассамблеясын құрды. Оның басты мақсаты – азаматтардың ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, әлеуметтік топтарға мүшелігіне қарамастан, құқы мен бостандық, теңдігін қамтамасыз ету. Қазақстан халқы ассамблеясының бүгінде әлемде баламасы жоқ.   

AstanaTV   Этносаралық қатынастарды үйлестіру, толеранттылық, келісім – осының бәрі Мемлекет басшысының саясатының негізіне айналды. Нұрсұлтан Назарбаевтың пікірінше, бірегей әртүрлілік – әлсіздік емес, елдің байлығы, өйткені көптеген этностың болуы біздің мемлекетіміздің жарқын болашағы. Бүгінде халықаралық саясаткерлер, сарапшылар, саясаттанушылар, мәдениеттанушылар, журналистер, ғалымдар Қазақстандағы бейбітшілік пен келісімді бірегей үлгі етеді. Шетелдік сарапшылар мен көрнекті саяси және экономикалық қайраткерлер Елбасыны «уақыттың сын-қатерлерін мұқият және айқын болжайтын халықаралық деңгейдегі ұлы стратег» деп бағалады.   

AstanaTV   Толеранттылық – бұл біздің қоғамның адамгершілік нормасы. Біз оны ұрпақтан-ұрпаққа насихаттаймыз. Келер ұрпаққа үлгі ете отырып, болашақ жастарды тәрбиелейміз. Отыз жылға уақыт ішінде Қазақстан жолы жаңа тәуелсіз елдер үшін ұлттық табыстың үлгілі моделіне айналды. Біз мәдениеттер пен діндердің қатарласқан, бірлескен, ынтымақтасқан тыныш, бейбіт елде тіршілік етіп жатқанымызды мақтан етуіміз керек. Біздің Қазақстан  мәдениеттер мен өркениеттер диалогына ықыласты.   

AstanaTV   Тек басқа ұлттармен диалогта ғана біздің еліміз болашақта табысқа әрі қарай қол жеткізе алады. XXI ғасырда Қазақстан өзінің өңірлік көшбасшылық ұстанымын нығайтып, Шығыс пен Батыстың үнқатысуы мен өзара іс-қимылы үшін көпір болуы тиіс.   AstanaTV   Жастар еліміздің дамуына  үлес қосқан  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың елі үшін жасаған өнегелі істерінен үлгі алып, мемлекетіміздің игілігі үшін шабытпен және тынбай еңбек етуі тиіс. Өйткені енді бізді қандай болашақ күтіп тұрғаны соларға ғана байланысты. Тұңғыш Президент бастамалары  біздің жеке жетістігіміз – Отанның жетістігі екені ақиқат.   AstanaTV

Саулет САРСЕНБАЕВА, Ақтөбе қаласындағы Үш тілде оқытатын №21 орта мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі