Бублик 50-орынды сақтап қалды
Бублик 50-орынды сақтап қалды
143
оқылды

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик рейтингтегі 50-орнын сақтап қалды. Михаил Кукушкин (89-орын) мен Дмитрий Попко да (172-орын) бәз баяғы орнында тұр.

Әрине, жекелей сында теннис әлемінің алыптары Новак Джокович, Рафаэль Надаль мен Доминик Тим көш басында тұр. Жұптық сынға келсек, рейтингте Михаил Кукушкин 76-орында, Андрей Голубев 91-ден 88-орынға жоғарылады. Александр Бублик 89-дан 90-орынға төмен түсті. Ал Недовесов болса, бірден 11-сатыға көтеріліп, 130-орынға табан тіреді.

Айбике ЖАНАСЫЛ