Шымкент: Тірідей топырақ басып қалған жұмысшы есін жиды
Шымкент: Тірідей топырақ басып қалған жұмысшы есін жиды
5,186
оқылды

Дәрігерлер Шымкентте қазаншұңқыр қазып жатып топырақ басып қалған қайғылы оқиғадан зардап шеккен жұмысшының денсаулығы жайлы айтты.

Ауыр техникамен бірге тірідей көмілген жұмысшыларды құтқарушылар сулы топырақ астынан бес сағатқа жуық іздеген.

Қазір жұмысшы есін жиғанымен, есеңгіреп қалған. Дәрігерлердің айтуынша, оның денсаулығы әлі де ауыр. Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханасының бөлім меңгерушісі Өткіржан Молдаханов: «Жабық бел жағының жарақаты, жабық белдегі бірінші дәрежелі сынуы және жарақаттан кейінгі кеудесінің ісінуі. Науқас қарқынды терапия бөлімінде шұғыл тексерілуден өткізілді», - деді.