«ҚазАвтоЖолдың» қар күреуге қауқары жоқ
«ҚазАвтоЖолдың» қар күреуге қауқары жоқ
142
оқылды

Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Бауыржан Сыздықов 3 қарашада күре жолдың бойында неліктен көліктер қар құрсауында қалғанын түсіндірді.

Оның айтуынша, «ҚазАвтоЖол» компаниясы қар жауған кезде жолды уақытылы тазалап үлгермеген. Себебі, техникасы ескірген.

«3 қараша күні «Самара-Шымкент» тасжолының Қарабұтақ ауылынан Қызылорда шекарасына дейінгі аумағы жабылды. Ал 4 қарашада Ырғыздан Қалыбай ауылына дейінгі жолда 196 көлік, соның ішінде Тәжікстанның 16 азаматы мінген автобус болды. 8 тұрақты жылыту бекеті ашылып, оның алтауына 212 адам эвакуацияланған. 4 күн ішінде қар құрсауынан 230 адам, оның ішінде, 38 бала эвакуацияланып, ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Облыстық маңызы бар жолдарды күтіп ұстау міндетін мойнына алған «ҚазАвтоЖол» компаниясының техникалық мүмкіндігі жетпейді. Мекемеде қазір 79 техника бар, көбі тозығы жеткен. Негізі норматив бойынша 146 техника болуы қажет», - деді Бауыржан Сыздықов. Облыс әкімі төтенше жағдайдың алдын алмағандарға қатаң ескерту жасады.