Плагиат дауы: Фатима Жақыпова қызметінен кетті
Плагиат дауы: Фатима Жақыпова қызметінен кетті
163
оқылды

Үкімет баспасөз қызметінен хабарлағандай, диссертациялық жұмысы дау тудырған вице-министр жұмысынан кетті.

«ҚР Үкіметінің Қаулысымен Фатима Надырқызы Жақыпова берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасының білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды» делінген ресми хабарламада. 

Еске сала кетейік, вице-министр Фатима Жақыпованың диссертациялық жұмысы көшіріп алынған деп қоғамда дау тудырған болатын.