Туралған еттің арасына 200 келі есірткіні жасырып өткізбек болған
Туралған еттің арасына 200 келі есірткіні жасырып өткізбек болған
5,123
оқылды

Ұлыбританияға туралған еттің арасынан есірткі табылды.

Ұлттық криминальдық агенттіктің хабарлауынша, туралған ет Ұлыбританияға жүк көлігі арқылы жеткізілмек болған. 

Голландиялық фирмаға тіркелген жүк көлігі Ұлыбританияның оңтүстік-шығысындағы Харвич қаласына бара жатқан. Шекарашылар Нидерландияның Хук-ван-Холланд портынан шыққан көлікті 11 қарашада тексерген. Туралған етке тығып, коробкаға салынған кокаинның салмағы 200 келідей. Оның құны 20 миллион фунттан асады. Жүк көлігінің жүргізушісі ұсталып, қамауға алынды.