Халық игілігі артуда
Халық игілігі артуда
235
оқылды

Өркендеп келе жатқан елдерде экономикасына – тірек, дамуына – ұстын болатын ірі құрылымдар бар. Бұл ретте Қазақстанда «Самұрық-Қазына» маңызды орынға ие. Осы орайда, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі Кеңес отырысында биылғы мамырдағы жиында берілген тапсырмалардың орындалу барысы бағам-далды.

– «Самұрық-Қазына» қо­ры экономикамызда ерекше рөл атқарады. Қор алдында үл­кен міндеттер тұр. Осы жы­лы Кеңестің екінші отыры­сын өткізіп отырмыз, – деді Қа­зақ­стан­ның Тұңғыш Пре­зи­ден­ті.

Жиында «Самұрық-Қазына» бас­қарма төрағасы Ахметжан Есімов, «Қазақстан темір жо­лы» ҰК» АҚ басқарма тө­ра­ғасы Сауат Мыңбаев, «Қаз­­­МұнайГаз» ұлттық ком­па­ниясының басқарма төраға­сы Алик Айдарбаев және «Қаза­то­мөнеркәсіп» ұлттық атом ком­паниясының басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматов баяндама жасады.

Ұсынылған ақпаратқа қа­нық­қан Н.Назарбаев қор бас­шылығы жүйелі мәселелерді ше­ше алғанын, сондай-ақ өн­­­­дірістік көрсеткіштер мен ин­ди­каторлардың оң өсіміне қол жет­кізгенін атап өтті.

– Қор 2017 жылға қарағанда, был­тыр таза табысы көлемін 88 пайызға арттыра алды. Ағымдағы жылы оның тағы 40 пайызға өс­­­кенін бақылап отырмыз. 2019 жылдың 9 айындағы көр­­­сет­кіш­тер өткен жылдың жыл­дық көр­сеткіштерінен де жоғары. Бұл – жақсы қарқын. Әкім­ші­лік шығыстарды және бас­қа да тиім­сіз шығындарды қыс­қар­ту­мен де жүйелі айналысып жа­тыр­­сыздар. Бұлардың барлығы оң тұрғыдан бағалануда, – деді Тұң­ғыш Президент.

Ол бірлескен компаниялар­дағы мемлекеттік үлестерді тиім­ді басқаруды қамтамасыз етудің маңызын баса айтты.

– 268 миллиард теңге таза ақ­шалай табыс тапқан қор оның 70 пайызын немесе 190 миллиард тең­гесін мемлекетке берді. Бұл 2018 жылғы көрсеткіштен 2 есе көп. Ақшалай мәнде дивидендтер көлемі 5 есе ұлғайды. Бірақ бұ­ған тоқмейілсіп, шектеліп қалу­ға болмайды. Осы бағытта жұ­мыс­ты жалғастыра беру қажет, – деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев соны­мен қатар мұнай-газ және химия салаларында рентабельді емес кен орындарында өндірісті ынта­лан­дырудың жаңа тетіктерін ен­дірудің тиімділігін нұсқады.

– Тетіктерді енгізу есебінен өн­діру көлемін арттырудан бас­тап, әлеуметтік мәселелерді ше­шу және қажетті запастар үлесін ұл­ғайтуға дейінгі міндеттер ке­­­шен­ді түрде шешіледі. бұл тәсілдерді Үкімет зерделеп, қол­дауы керек, – деді Тұңғыш Президент.


«Самұрық-Қазынаның» 2018-2028 жылдарға арналған Да­му стратегиясын жүзеге асы­ру­дағы оң нәтижелерді атап өт­кен Елбасы қор компания­лары­ның қаржылық жағдайын жақсартуға және жекешелендіру жоспарын ары қарай іске асыруға бағытталған ұсыныстарды қарау­дың маңызын нұсқады.

– «Самұрық-Қазына» – ұлт­тық әл-ауқат қоры. Сондықтан біз, басқару Кеңесі де, сонымен бірге Директорлар кеңесі де ха­­лықтың және бизнестің қор қыз­­метіне сенімін арттыру бойын­­ша жоспарлы жұмыс жүр­гі­зуі­міз ке­рек. Азаматтар осы игі­­ліктің бар­лығы Қазақстанға жә­не хал­­қымызға тиесілі екенін тү­сінуі тиіс, – деп түйді Тұңғыш Пре­зи­дент Н.Назарбаев.

«Самұрық-Қазына» басқар-ма тө­рағасы А.Есімов қор тобы ком­панияларының қызметі жаңа даму стратегиясын жүзеге асы­руға бағдарланғанын баян­да­ды. Оның басты мақсаты – компаниялар тиімділігін арт­тыру, портфельді басқару, ор­нық­ты дамуды қамтамасыз ету.

– Қойылған міндеттерді орын­­­­дау ісі жаңартылған транс­фор­мациялану бағдарла­ма­­сы­на негізделді. Бұл ретте осы бағ­дар­ламаны өзектілен­діру өн­ді­рістік бизнес процес­тер­ді циф­рлан­дыру­ға назар аудара отырып, әлем­­дік үрдіс-трендтерге сай іске асы­­рыл­ды. Біз іс жүзінде цифрлық трансформацияға көштік.

Ол жаңа ІТ технологияларды әзір­леуді және енгізуді көздейді. Осы мақсатта кең ауқымды ІТ ау­дит жүргізілді, нәтижесінде, қолда бар әлеует пен көзден таса қалған ресурстар айқындалды, – деді Ахметжан Есімов.

Атқарылған жұмыс қорытын­ды­сында 60 миллиард теңге со­ма­­сында тиімсіз шешімдерді ен­­­­­гізудің ықтимал шығындары оң­­тайландырылды.

«Қазақстан темір жолы» ұлт­тық компаниясының басшысы Сауат Мыңбаев өндірістік көр­сет­кіштерінің жақсы екенін жет­кізді.

– Жүк айналымы жоспар­да­ғы­дан жоғары болды. Транскас­пий бағ­дарында, Қытай – Еуро­па, Қы­тай – Орталық Азия және бас­қа бағыттарда транзиттік жүк ағыны айтарлықтай арту­да. Қаржылық көр­сеткіштерге тоқ­талсақ, ҚТЖ операциялық қыз­меті елеу­лі түр­де жақсартылды. Кре­­ди­­тор­лық қа­рызы төмендеді. Тө­леу мерзімі өтіп кеткен қарыз нөл­ге теңесті деуге болады.

Бұл ағым­дағы операциялық жағдай­да «Қазақстан темір жолы» мін­дет­те­мелерін толығымен орын­­дауда деген сөз, – деді С.Мыңбаев.


«ҚазМұнайГаз» ұлттық ком­паниясының басшысы Алик Ай­дарбаев ҚМГ-ның биылғы 9 ай қорытындысында мұнай, газ бен конденсат өндірісі, мұнай өңдеу, мұнай тасымалы секілді барлық даму бағытында оң қарқын паш етіп отырғанын мәлім етті.

– 2019 жылы компанияның та­­за табысы былтырғыдан әл­де­қайда көп болмақ. Мұның сыр­­тында Елбасыға ірі инвес­ти­циялық жобалардың орындалу ба­рысы баян­далды. Атап айтқанда, Ел­басы Жолдауына сәйкес, «Са­рыарқа» газ құбырының желілік бө­­лігінің құрылысы аяқталды. Жыл соңына дейін газ құбырына сы­­нақ жүргізу, іске қосу жұмыс­тары тамамдалады. Осы­лайша, ре­кордтық қысқа мер­зімде «Сарыар­­­қа» қолданысқа бе­­ріледі. Бұдан бөлек, екі ірі мұнай-газ хи­миялық жоба жайын­да ха­бардар еттім. Мысалы, қуаты жы­лына 500 мың тон­на, құны 2,6 мил­­лиард доллар бо­латын по­лип­­ропилен өндіру зауы­ты са­лы­ну­да. Жобаның іл­герілеу қар­қы­ны 40 пайызға жет­ті. 2021 жы­­­лы оны қолданысқа бер­мекпіз, – де­ді ҚМГ басшысы.

Оның мәліметінше, екінші жо­ба – полиэтилен өндіру зауы­­­ты­­ның құрылысы әзірге бас­тап­­қы сатысында. Қазіргі кезде тех­никалық-экономикалық не­гіз­демесі жасалып жатыр. Ұлттық ко­м­­пания жобаны әлеуетті серік­тесі Borealis компаниясымен бірге іске асыруға ниетті. Жалпы құны 6 миллиард доллардан асатын бұл зауыт жылына 1,2 миллион тонна полиэтилен шығаруға қауқарлы. Жоба 2026 жылы ел игілігіне тап­сырылады деп жоспарланған.

«Қазатомөнеркәсіп» басшысы Ға­лымжан Пірматов тура бір жыл бұрын «Астана» халықаралық қар­жы орталығы биржасында ұлт­тық атом компаниясы ак­ция­ларының сауда-саттығының бас­талу рәсіміне Елбасының өзі қа­тысқанын еске түсірді.

– «Самұрық-Қазына» қоры­ның қыркүйекте қосымша ор­на­­­­ластыруы нәтижесінде қа­­­­зір «Қазатомөнеркәсіп» ак­ция­­­­ларының 18,8 пайызы ин­вес­­­­торлар еншісінде. Осы жыл ішін­­­де компанияның құны 3 млрд тең­геден 3,5 миллиард тең­геге дейін арт­ты. Күрделі на­рық­­тық ахуалға қа­рамастан, «Қа­­затомөнеркәсіп» әлем­дегі ең ірі уран өндірушісі бо­лып қалуда. Кейінгі 2 жыл ішін­де сауда көлемі бойынша көш бастап келеді. Мар­кетингті күшейту есебінен 2 жыл ішінде сату көлемін орташа есеп­пен 60 пайызға ұлғайта ал­дық. Желтоқсан айында 42 тон­на төмен байытылған уранды МАГАТЭ-нің Қазақстандағы қой­­масына жеткізуді аяқтаймыз, – деді Ғ.Пірматов.

«Эйр Астана» авиаком­пания­сы­ның президенті Питер Фостер қазақстандықтардың әл-ауқатын арт­тыруға үлес қосу компания үшін маңызды басымдық екенін ха­барлады.

– Осыған орай, Елбасының 2018 жылғы 2 қарашада бер­ген тапсырмасына сәйкес, Қазақ­стан­ның тұңғыш лоукостері Fly­Arystan-ды құрдық. Осы уа­қыт ішінде «Самұрық-Қазына» қорының қолдауы арқасында жаңа әуе тасымалдаушысы ха­лық­қа қызмет ете бастады. Жұ­­мы­сын бастағалы бергі 5-6 ай ішін­де лоукостердің же­тіс­тік­тері біздің ең батыл бол­жам­дарымыздан да асып түсті. Оның авиабилеттерінің орташа құны 13 мың теңгені құрайды. Бұл – не­­бәрі 33 долларға тең. Біз ар­найы зерттеу жүргіздік жә­не өзге елдердегі тарифтерді са­лыс­тыр­дық. Анықталғанындай, біз­дің би­летіміз ең арзаны саналады. Бү­гінде FlyArystan-ның барлық дер­лік ұшағы толып ұшады: толу дең­гейі орташа есеппен 94%, – де­ді Питер Фостер. FlyArystan өт­кен аптада ғана 500 мыңыншы жо­лаушысын қарсы алды.