Disney 32 мың қызметкерін қысқартатын болды  
Disney 32 мың қызметкерін қысқартатын болды  
195
оқылды

Disney компаниясы 32 мың қызметкерін қысқартады.

Өткен айда басталған қысқарту 2021 жылдың наурызына дейін жалғаспақ. Әсіресе тақырыптық ойын-сауық парктерін, саяхат кемелері мен бейне-ойындарды басқаратын бөлімшелер қатты зардап шегіп жатыр. Соңғы мәлімет бойынша, олар шамамен 2 млрд 600 млн долларлық шығынға батқан, яғни кіріс көлемі 61 процентке азайған.

Disney басшылығы әрі қарай жағдайды жақсарту үшін қосымша қаржы көздерін қарастыру, дивиденд төлеуден бас тарту және фильмдер мен тележобаларға инвестцияны азайтуды жоспарлап отырғанын айтады.