ЭЦҚ-ны бөтен біреуге берген адам 400 мың теңге айыппұл төлейді
ЭЦҚ-ны бөтен біреуге берген адам 400 мың теңге айыппұл төлейді
264
оқылды

Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ескертті.

Министрліктің мәліметінше, кейінгі кезде қазақстандықтар арасында ЭЦҚ-ны үшінші тұлғаға беруге байланысты шағым көбейген. 2020 жылдың өзінде осындай 30 шақты дерек анықталған. Былтыр 50-ден аса әкімшілік іс тіркелген.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі баспасөз қызметінің өкілі Нұржан Дүйсебай: «ЭЦҚ адамның өзі қаламмен жазып, қол қойғанмен тең екенін және екеуінің заңды салдары болатынын есте сақтау керек. Өз қауіпсіздігіңді сақтап, алаяқтың құрбаны болмау үшін министрлік ЭЦҚ-ны үшінші тұлғаға бермеуге кеңес береді. Оны жоғалтқан жағдайда бірден қайта жасату керек, сондай-ақ стандарт парольді одан күрделіге ауыстыру керек», – деді.