«Мұны қайталауымыз керек»: Рой Джонс Майк Тайсонмен тағы жекпе-жек өткізгісі келетінін жасырмады
«Мұны қайталауымыз керек»: Рой Джонс Майк Тайсонмен тағы жекпе-жек өткізгісі келетінін жасырмады
149
оқылды
Америкалық боксшы кіші Рой Джонс Майк Тайсонмен қайта жекпе-жек өткізуге қарсы емес екенін айтты.   "Біз мұны қайталауымыз керек. Барлығы Майкты жақсы көреді, мен де оны жақсы көремін. Ол бастан, денеден ұрғанда бәрі ауырып қалады. Соққылар әсер еткені сөзсіз, олар денені әлсіретеді. Мен отбасыммен сөйлесіп көрейін, олар бұл туралы не ойлайды екен, қайталағанымды қаласа, өткіземіз", – деді Джонс. Vesti.kz-тің жазуынша, Кіші Джонс Тайсонмен кездесуін қайтыс болған Коби Брайантқа арнаған.
"Мен бұл жекпе-жекті Кобиге арнауым керек. Мен үшін Майкл Джордан әрқашан ең ұлы адам болды. Бірақ Коби – керемет талант. Бәріміз оны сағынып жүрміз", – деді Джонс.
Еске салайық, бүгін аты аңызға айналған америкалық бокс ардагерлері ауыр салмақтағы бұрынғы абсолют әлем чемпионы Майк Тайсон мен төрт салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы кіші Рой Джонс Лос-Анджелестегі (АҚШ) Staples Center аренасында жекпе-жек өткізді.