Алматыда көлік қағып кеткен жолаушы қайтыс болды
Алматыда көлік қағып кеткен жолаушы қайтыс болды
163
оқылды

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиғаға байланысты тергеу басталды.

Жаяу жүргіншіні көлік Сейфуллин даңғылы мен Ақан сері көшелерінің қиылысында қағып кеткен. Куәгерлердің айтуынша, Сейфуллин бойымен солтүстік бағытта үлкен жылдамдықпен келе жатқан Hyunday Elantra көлігі 1987 жылы туған ер адамды қағып, мерт қылды. Ол қатты соққыдан 50 метрден астам жерге ұшып кеткен.

Алматы қаласы ПД тергеу басқармасының бастығы Олжас Шәріпов: «Алған соққы салдарынан 33 жастағы ер адам оқиға орнында қайтыс болды. Тиісті сараптамалар тағайындалды», – деді.