Алматы әкімдігі жаңа ауруханадағы науқастардың көшірілуіне қатысты мәлімдеме жасады
Алматы әкімдігі жаңа ауруханадағы науқастардың көшірілуіне қатысты мәлімдеме жасады
156
оқылды

Осыған байланысты қаланың Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы жауап берді.

Модульді инфекциялық аурухананы көшіру туралы ақпарат Instagram-да пайда болды. Онда емдеу мекемесінде жатқан науқастар басқа ауруханаға ауыстыралатыны туралы айтылған. Өз кезегінде, Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы И.Жекенова атындағы қалалық клиникалық инфекциялық ауруханасы сәуір айынан бастап осы уақытқа дейін жұмыс істеп келе жатқанын және ғимаратта жалпы санитарлық-дезинфекциялық жұмыстар жүргізу қажет екенін хабарлады.

«Алматыда 500 орынды РВ-90 жаңа инфекциялық аурухана дайын. Осыған орай стационарлық клиникада санитарлық-дезинфекциялық жұмыстар жүргізу туралы шешім қабылданды, өйткені инфекция өте жұқпалы. Барлық жабдықтар модульдік инфекциялық ауруханада қалады. Жаңа филиалда барлық қажетті медициналық жабдықтар бар. Модульдік клиниканың пациенттері мен медицина қызметкерлері РВ-90 – дағы филиалға ауысады», – деді Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бастығының міндетін уақытша атқарушы Жанар Мадеева.

Бұған дейін бұл аурухананың аязға шыдамағанын жазған болатынбыз.