Анасы аязда далаға тастап кеткен бір жасар баланы әжесі алып кетті
Анасы аязда далаға тастап кеткен бір жасар баланы әжесі алып кетті
252
оқылды
Анасы аязда далаға тастап кеткен бір жасар баланы әжесі алып кетті. Бұл туралы Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
"Бала Павлодардағы облыстық балалар ауруханасында емделді. 28 қарашада ол қанағаттанарлық жағдайда шығарылды. Баланы әжесі алып кетті", – деді ведомствоның баспасөз қызметі.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Батыр есімді балаға дәрігерлер вирустық инфекция диагнозын қойған. Естеріңізге сала кетейік, табылған сәби туралы павлодарлық еріктілер Instagram-да хабарлады. полицейлер камерадан баласы бар әйелді байқаған. Баланың анасын іздеу екі сағаттан астам уақытқа созылды. Ол 33 жастағы әйел болып шықты. Ол кінәсін мойындап, баласын автовокзалдың жанындағы трамвай аялдамасының орындығына тастағанын айтты. Қазір ҚР ҚК-нің 119-бабы, 1-бөлігі "қауіп-қатерде қалдыру" бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, баланың анасының тағдырын сот шешеді.