Н. Назарбаев ел астанасы Түркістанға көшуі мүмкін деген қауесетке қатысты пікірін білдірді
Н. Назарбаев ел астанасы Түркістанға көшуі мүмкін деген қауесетке қатысты пікірін білдірді
187
оқылды
ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Qazaqstan» телеарнасына берген сұхбатында әлеуметтік желілерде жиі кездесетін ел астанасы Түркістанға көшуі мүмкін деген қауесетке қатысты пікірін білдірді. Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, бұл әңгіме негізсіз.
«Түркістанның жағдайын білетіндер солай деп ойлауы мүмкін. Бірақ біз болашақта астананы одан әрі ұлғайтамыз. Кезінде 200 мың тұрғыны болған Ақмола 1 млн 200 мың халқы бар үлкен шаһарға айналды. Нұр-Сұлтан деген атау алды. Оны мен ұсынған жоқпын, бірақ қарсылық та білдірген жоқпын. Себебі, астананың әрбір тасы менің нұсқауыммен қаланып, әрбір ғимарат менің қатысыммен салынды», - деп атап өтті Елбасы өз сөзінде.
Сонымен қатар Н.Назарбаев сұхбатында «Абу-Даби Плаза» кешенінің құрылысы жайында айтып өтті.
«Келесі жылы «Абу-Даби Плазаның»ең биік мұнарасын «Қазақстан мұнарасы» деп атаймын. Мұндай биік ғимарат жоқ. Кең даламызда алыстан көрініп тұратын болады.Діни және туристік мақсатта әлемдегі ең үлкен мешіт салынып жатыр. Ел астанасын одан әрі көркейту үшін талай ойлар, жоспарлар бар. Көп болып қолға алсақ, атқарылмайтын іс жоқ. Мұның барлығы Қазақстанның әлем алдындағы әлеуетін көрсетеді. Қазір біз қиын қыстау кезеңде тұрмыз. Вирус дүниежүзін жаулап барады. Бізге де қиыншылығын тигізіп жатыр. Көп мекемелер жұмысын тоқтатты. Мұның артынан біз дағдарысқа қарсы шаралар қолдануымыз керек», - деді Елбасы өз сөзінде.
Елбасы болашақта Түркістанды қазақ тарихын танытаны орталық ретінде қалдыру қажеттігін айтты.
«Түркістанды көтеру – парызымыз, біздің халқымыз үшін қажет. Бұл тарихы тереңде жатқан көне қаламыздың бірі. Түркістандағы көне ғимараттардың қалпын сақтап, жергілікті халық пен туристер үшін тарихымызды паш ететін орталық ретінде қалдыруымыз қажет», - деді Н.Назарбаев.