33 градус аяз келе жатыр
33 градус аяз келе жатыр
5,194
оқылды

Синоптиктер 19-21 қарашаға арналған ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды Қазгидромет.

«Солтүстік мұзды мұхиттағы Кар теңізінің арктикалық ауа массаларында антициклон қалыптасып, оңтүстік-батыс бағытында жылжып, 21 қарашада Ресейдің Еуропалық территориясының орталығына жетеді. Антициклонның шығыс перифериясы бойынша Қазақстанға батыс сібір арқылы арктикалық теңізден өте суық ауа массасы келіп, республиканың басым аймақтарында айтарлықтай күн суытады»,– делінген хабарламада.

Сонымен қатар, еліміздің солтүстік, орталық және шығыс облыстарында ауа температурасының -28…-33° аязға дейін төмендеуі болжанып отыр.

Кей өңірлерде қар жауып, бұрқасын соғуы ықтимал. Батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарда қар жауып, көктайғақ, тұман болады деп күтіледі.