Қазақстан Елбасы бастамасымен Батыс пен Шығысты байланыстыратын алтын көпірге айналды
Қазақстан Елбасы бастамасымен Батыс пен Шығысты байланыстыратын алтын көпірге айналды
681
оқылды
Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясындағы басты бағыттың бірі – транзиттік әлеует. Егер қаржы  экономиканың қаны болса, жолдар – сүйегі.
«КСРО ыдырағаннан кейін Тәуелсіз Қазақстанның көлік желісі теңгерімсіз қалды. Бір өңірден өзге жерге көшу қиын болды. Шекарадан паспорттық бақылаудан өту қажет. Ал жолаушылар қосымша үлкен қашықтықты еңсеруі керек», – дейді Премьер-министр орынбасары Роман Скляр «Назарбаев факторы» атты жаңа деректі фильм барысында.
Батыс пен Шығысты тікелей жалғау үшін Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Орталығы арқылы 1 200 километрден асатын темір жол торабын салуды тапсырды. Еліміздің экспорттық жəне транзиттік əлеуетін арттырып, өңірлер арасындағы байланысты күшейту үшін ел аумағында ұзындығы 2 550 шақырымнан астам жаңа темір жол іске қосылды. Бұл дегеніңіз Тəуелсіздік алған уақыттан бері Қазақстан бүкіл ТМД мемлекеттерін қосқандағыдан артық  темір жол құрылысын жүргізгенін білдіреді. [caption id="attachment_92069" align="alignnone" width="696"]Батыс Фото: Интернеттен алынды[/caption]
 «Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, Жезқазған – Бейнеу, Арқалық – Шұбаркөл құрылысы арқылы батыс өңірлерге баратын арақашықтық 700 км-ге қысқарды. Сонымен қатар біздің өнеркәсіптік өнімнің бәсекесі айтарлықтай артты», – дейді Роман Скляр.
2014 жылы көлік инфрақұрылымын одан әрі дамыту «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жүзеге асты. Қабылданған шаралар негізінде Қазақстан экономикасының келбеті түбегейлі өзгерді. https://www.youtube.com/watch?v=Gn7zEFvuH6U&ab_channel=%D0%A5%D0%B0%D0%B1%D0%B0%D1%80NEWS