ШҚО-да жолдар жабылды
ШҚО-да жолдар жабылды
5,199
оқылды

Шығыс Қазақстан облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар республикалық маңызы бар жолдар жабылды, деп хабарлайды «QazAvtoJol» ҰК» АҚ.

«Ауа райына байланысты «Өскемен – Риддер – Ресей Федерациясының шекарасы» автожолының Белоусовкадан Риддерге дейінгі учаскесінде, «Өскемен – Шемонаиха – Ресей Федерациясының шекарасы» автожолының Глубокое елді мекенінен Ресей шекарасына дейінгі учаскесінде және «Өскемен – Семей автожолының» Герасимовкадан Семейге дейінгі учаскесінде жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды»,– делінген хабарламада.