Көңіл айту
Көңіл айту
203
оқылды
Елбасы Шейх Сұлтан бен Заид әл-Нахаянның қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

Бауырымыз әрі Біріккен Араб Әмірлік­терінің абыройлы саяси қайраткері шейх Сұлтан бен Заид әл-Нахаянның дүниеден озғаны туралы суыт хабарды күй­зе­ліспен қабылдадым.

Шейх Сұлтан Біріккен Араб Әмір­ліктерінің аяқтан тұрып, гүлденуіне ерекше үлес қосқан тұлға ретінде ел тарихында өшпес із қалдырды. Оның жарқын бейнесі Әмірліктер халқының жүрегінде әрдайым сақталатынына сенімдімін.

Осынау сын сағатта, Аса құрметті Прези­дент мырза, Сізге және отба­сы­ңыздың мүшелеріне сабыр тілеп, азалы көңілімді білдіремін.