Екі елге ортақ тұлғалар
Екі елге  ортақ тұлғалар
193
оқылды

Елбасының бас­та­ма­сы­мен Ассамблея­да ха­лық­тар бірлігі мен ын­ты­мағын сақтау мақсатында көптеген тың бастама жүзеге асып жатыр. Оның ішінде, этномәдени бір­лес­тіктердің жұмысын жан­дандыруға ерекше көңіл бөлініп келеді.

Қазақстандағы өзбек этно­­­мәдени орталығының та­­­ри­хы 1989 жылдан бас­та­ла­ды. Оңтүстік Қазақстан об­лы­сын­да ашылған бірлестік же­місті жұмыс істеп келеді. Тәуел­сіздік алған соң 1995 жылы өзбек этномәдени қо­ғам­дық бірлестіктері негізінде «Дустлик» қауымдастығы құрылды. Оның құрамына 2010 жылы 10 этномәдени ор­та­­лық біріктірілді. Қауым­дас­тық құрамына 12 бірлестік кіреді. Барлығы бір үйдің бала­сындай бірлікте еліміздегі бар­лық этностың жұмысы жүйе­лі іске асу үшін жұмыс істеп жатыр.

Бүгінде Нұр-Сұлтан қала­сын­дағы өзбек этномәдени орталығының бастамасымен көптеген жұмыс іске асуда. Этни­калық тұтастықты, мә­де­­ниетті сақтау, рухани жаң­ғыру, саяси, дәстүр, әдет-ғұрыптарды дамыту. Атап айт­қанда, Нұр-Сұлтан өзбек этно­мәдени орталығында «Пой­тахт» вокалды-аспаптық ан­самблі және «Астана Ғун­чари» би ансамблі құрыл­ды. Олардың еліміздің рухани өміріне қосқан үлесі ескері­ліп, марапатталды. Этномә­дени орталық Ассамблеяның барлық іс-шараларына бел­сен­ді қатысады.

Сонымен қатар Нұр-Сұл­тан қаласының өзбек этно­мә­­дени орталығында 2015 жыл­дан бері «Зие» өзбек этно­­лингвистикалық жексен­бі­лік мектебі жұмыс істейді. 2017 жылы мектеп қала әкім­ді­­гінен мемлекеттік қол­дауға ие болды. Жексенбілік мек­теп­те оқушылар өзбек тілін, тари­хын, салт-дәстүрін және мә­дениетін үйренеді. Жек­сен­білік мектепте жалпы 57 оқу­шы оқиды. Мектептің бас­ты ерекшелігі – барлық ұлт­­тың балалары көп тілде бі­лім алады. Мектепте өзбек ті­лі латын әліпбиімен оқы­ты­ла­ды.

Сондай-ақ бас қаладағы орталығыңда «Пойтахт Ёшла­ри» жастар қанаты бар. Ұзын саны 100-ден астам белсенді аза­мат жұмыс істейді. Нұр-Сұл­­тан өзбек этномәдени ор­­­­­та­лығы жа­нынан Nur Otan пар­­тия­сы­ның «Пойтахт» бас­та­­­уыш пар­тия ұйымы құрыл­ды.

Қазақстанда өзбек этно­мә­дени орталығының жұмы­сын жандандыруға атсалы­са­тын­дардың қатары күн санап артып келеді. Олардың қата­рын­да қоғам қайраткерлері, мем­лекеттік ұйымдардың қыз­­­меткерлері, бизнес өкіл­де­рі, мұғалімдер, жеке кәсіп­кер­лер, сондай-ақ елорданың жоғары оқу орындарының сту­денттері бар. Болашақ ұр­пақ­қа тарихи, мәдени мұраны жеткізу, патриотизмді наси­хат­тау үшін еңбек етіп келеді. Мәселен, астаналық өзбек этно­мәдени орталығының «Пой­тахт Ёшлари» жастар қа­наты Қазақстан халқы Ас­самб­леясының «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қоз­ғалысының жұмысына бел­сенді қатысады. Мысалы, биыл елордалық өзбек жаста­ры Шығыс Қазақстан облы­сын­да өткен тарихи жер­лерді та­ныту іс-шарала­рына қатыс­ты. Оның ішінде BIRLIK­ – 2019 халықаралық жазғы ла­ге­рі мен «100 жаңа тұлға: қа­лай табысты болуы керек?» жаз­ғы мектебінің алар орны ерекше. Орталық республи­ка­лық және жергілікті дең­гей­дегі мемлекеттік мекеме­лер, түрлі ұйымдармен және қо­ғамдық бірлестіктермен бір­лесіп, халықаралық байла­ныс­ты дамытады. Этно­мә­де­ни орталық ұйымдастырған «Менің Қазақстаным – Ме­нің Елім!» республикалық фес­тивалі, «Алға, Қазақстан» VII қысқы Азия ойындары аясында өткен концерт, «Үл­кен­ге құрмет – Ата заңдағы мін­дет» қайырымдылық ак­ция­сы, «Шығыс жұлдызы – Науаи» халықаралық әдеби-мәдени кеш, шағын футбол­дан «Достық кубогы» респуб­ли­калық жастар турнирі өтті.

Қазақстан мен Өзбекстан ара­­сындағы мәдени байла­ныс­ты нығайту жыл бойы үз­­діксіз жалғасып келеді. Әсі­ре­се, екі елдің көне тарихы мен мәдениетін насихаттай­тын көрмелер жиі өткізіліп тұ­рады. Нұр-Сұлтанда мә­де­ниет күні аясында ұлт­тық киім­­дер көрмесі өткізіліп, ұлт­­­тық ойындардан сайыс өтті. Өзбек тағамдарын да­йын­­дау­дың ерекшеліктерін үй­ретті.

Ерекше айтып өтер жайт, жастар арасында Абай Құнан­байұлы мен Әлішер Науаи­дің мә­­дени мұрасын зерттеу, зер­де­леуді көздеп отыр. «Шы­ғыс жұлдызы – Науаи» мә­нер­­­леп оқу сайы­сына барлық этнос өкіл­дерін қамту жос­пар­­лан­ған.

 

М.БАҚЫТ