Мейірім Нұрсұлтанов Ресейдегі жекпе-жегінде жеңіске жетті
Мейірім Нұрсұлтанов Ресейдегі жекпе-жегінде жеңіске жетті
160
оқылды
Қазақстандық былғары қолғап шебері Мейірім Нұрсұлтанов Ресейде өткізген жекпе-жегінде жеңіске жетті. Бұл туралы Aikyn.kz Prosports.kz сайтына сілтей отырып хабаралайды. RCC Boxing промоутерлік компаниясының ұйымдастыруымен өткен кеште Мейірім Нұрсұлтанов (13-0, 8 КО) жергілікті боксшы Илья Баландинмен (4-3-1, 2 КО) кездесті. 8 раундқа созылған жекпе-жегінде қазақстандық боксшы төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңді. Осылайша Мейірім Нұрсұлтанов мансабындағы 14-ші жеңісіне қол жеткізді. Соңғы кездесуін өткен жылы АҚШ-та өткізіп, WBC (USNBC) тұжырымы бойынша Америка чемпионы атанды.