Зеленский Ресейден қайтарып алған кемелерді қарап шықты
Зеленский Ресейден қайтарып алған кемелерді қарап шықты
199
оқылды

Украина президенті Владимир Зеленский Николаев облысындағы Очаков қаласына келіп, Ресей қайтарған әскери кемелер – «Яна Капу» және «Никополь» мен «Бердянск» шағын бронды артиллериялық қайықтарды қарап шықты,–деп хабарлайды bbc.com.

«Біздің әскери қайықтарымыздың қайтарылғанына өте қуаныштымын. Уәде еткеніміздей, біз теңізшілерімізді және қайықтарымызды қайтарып алдық», – деді Зеленский жиналғандардың алдында сөйлеген сөзінде. Президентпен бірге кемелерді қыркүйекте босатылған 17 теңізші де қарап шықты.

Зеленский кемелердегі жабдықтар мен қару-жарақтың жартылай жоғалғанын айтты және осы мәселе бойынша Ресей тарапына сұрау салуға уәде берді.

Айта кетейік, бір күн бұрын Украина Әскери-теңіз күштерінің қолбасшысы Игорь Воронченко ресейліктер «Бердянск» пен «Никопольді» «тонады» және «тіпті олардың төбедегі шамдарын, розеткаларын және дәретхана жабдықтарын (унитаз) шешіп алыпты» деп мәлімдеген.

Теңізшілерді босату Зеленский сайлауалды науқанында айтылған уәдесінің бірі болатын.