Қазақстанда ауасы ең көп ластанған қалалардың тізімі жарияланды
Қазақстанда ауасы ең көп ластанған қалалардың тізімі жарияланды
219
оқылды

1-7 желтоқсан аралығында мониторинг жүргізген мамандар Нұр-Сұлтан, Өскемен, Алматы, Қарағанды қаласында ауаның лас екенін анықтаған.

Нұр-Сұлтанда  973 дерек тіркелді. Қаланың ауасы Ақжол (ЖЭО), Көктал-1, «Шапағат» коммуналдық базарының аумағында ластанған. Алматыда  726 дерек тіркелді. Қаланың ауасы әл-Фараби даңғылы мен Науаи көшесінің қиылысы, «Орбита» ықшамауданында («Зеленстрой» АҚ Дендропарк аймағы) ластанған. Өскеменде  786 дерек тіркелді. Қаланың Лев Толстой көшесі 18, Шәкәрім даңғылы 79, Қ.Қайсенов көшесі 30, М.Тынышпаев көшесі  126, Рабочая көшесі 6, Сәтбаев даңғылы 12 аудандарында ауа ластанған. Қарағандыда 187 дерек тіркелді. Ауа №5 бекет (Мұқанов көшесі, 57/3 үй) ауданында ластанғаны анықталған.