Павлодар облысында үй өртеніп, екі адам қайтыс болды
Павлодар облысында үй өртеніп, екі адам қайтыс болды
145
оқылды

Бұл туралы Pavlodarnews.kz хабарлады.

Өрт таңғы 05:10-да толықтай сөндірілді. Өрттің себебі мен одан келген шығын көлемі есептеліп жатыр. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін түнгі сағат 03:30-да Екібастұзда өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. Шідерті кентіндегі Алтынсарин көшесінде екі пәтерлі үй өртенді. Өрт сөндірушілер жеткен кезде пәтердің шатыры жанып жатқан.

«Өрт сөндіру барысында екі адамның мәйіті табылды. Олар – 55 жастағы пәтер иесі және оның 32 жастағы көршісі» делінген хабарламада.

Өрт орнынан газ баллоны шығарылды. Өрттен екінші пәтердің шатыры да өртенген. Жалпы 45 шаршы метр аумақты шарпыған.

Өртті ТЖД жеке құрамының бес адамы екі техникамен сөндірді.