Коллекторлық агенттіктерге қойылатын талап күшейеді – Мәжіліс
Коллекторлық агенттіктерге қойылатын талап күшейеді – Мәжіліс
138
оқылды

Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.

«Президент тапсырмасымен халықтың әлеуметтік осал топтары үшін қарыз жүктемесін азайту бойынша нақты қадамдар жүзеге асты. Дегенмен бұл салада проблемалар әлі де бар. Бұл жайында Мемлекет басшысы қыркүйектегі Жолдауында айтқан болатын», – деді Мәжіліс депутаты Альберт Рау.

Бірінші кредиттік бюроның мәліметінше, биыл 1 қарашадағы жағдай бойынша 170 мың кәсіпкер мен 810 мың жеке тұлғада микронесие бар. Қарыз алғандардың 38 пайызы кредитін уақытылы төлей алмаған.

«Азаматтардың құқын қорғау мақсатында депутаттар микроқаржылық және коллекторлық қызметті реттеу бойынша заң жобасын әзірледі», – деді депутат Альберт Рау.

Жаңа заңда коллекторлық агенттіктерге қойылатын талап күшейеді. Себебі, коллекторлық агенттік қызметкерлеріне қатысты шағым көп.