Астанада 12 жастағы баланың телефонын алып қашып кеткен адам ұсталды
Астанада 12 жастағы баланың телефонын алып қашып кеткен адам ұсталды
709
оқылды

Тергеу барысында полицейлер Ботаникалық саябақ маңында 12 жастағы баладан ер адам «біреумен хабарласамын» деп оның телефонын сұрап алғанын анықтады.

Бала қорқып бейтаныс адамға ұялы телефонын берген.

Ер адам телефонды алған соң қашып кеткен. Тергеу нәтижесінде, бұрын сотталған 23 жастағы тұрғын ұсталды. Ол кінәсін мойындады. Ұрланған IPhone 6 телефонын қайтарып берді.

Оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.