Елбасы Маурермен кездесті
Елбасы Маурермен кездесті
154
оқылды

Елбасы Швейцария президенті Ули Мау­рер­мен кездесу өткізді. Кездесу бары­сында Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік жылда­рында Қазақстан мен Швейцария арасында экономиканың түрлі салаларында жақсы қарым-қатынас қалыптасқанын атап өтті.

– Қазақстанға қош келдіңіз! Сіздердің елдеріңізге бірнеше рет бардым. Швейцария – Қазақстанның ірі және маңызды сауда серіктестерінің бірі. Біз­дің елімізді әрқашан қолдап келесіздер. Осы ынтымақтастықты одан әрі жалғастырған жөн. Бізде швейцариялық бизнесті қызықтыратын жобалар көп, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Өз кезегінде Ули Маурер Нұрсұлтан Назарбаевқа кездесу үшін ризашылық білдіріп, Қазақстанға жасап жатқан ресми сапарынан алған әсерімен бөлісті.

– Біздің елдеріміздің қарым-қатынасы өте жақсы. Бүгін таңертең мазмұнды әрі жемісті кез­десулер өткіздім. Қазақстанмен бірлесе отырып дамытатын көптеген жобаларды талқыладық, – деді Швейцария президенті.