Шенеуніктердің әйелі мен бала-шағасына да шетелден есепшот ашуға тыйым салына ма?
Шенеуніктердің әйелі мен бала-шағасына да шетелден есепшот ашуға тыйым салына ма?
230
оқылды

Бірақ бұл талаптың шенеуніктердің әйелі мен балаларына қатысы жоқ, – деп жазады centralasian.org.

Өзгерістер мен түзетулер қылмыстық процесте азаматтардың құқығын қорғау мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған заңдарға енгізіліп жатыр. Сондықтан шенеуніктерге шетел банктерінен есепшот ашып, ақша сақтауға тыйым салынады. Сенатор Нұржан Нұрсипатов «Мұндай шектеу олардың отбасы мүшелеріне де қатысы бар ма?» – деп сұрады.

«Ресейде мұндай тыйым 2013 жылы барлық мемлекеттік корпорациялар мен компанияларға енгізілген. Сонымен бірге шенеуніктердің отбасы мүшелеріне де есепшот ашуға тыйым салынған», – деді ол.

Сенатор Андрей Лукиннің сөзінше, жаңа талаптар мемлекеттік қызметкерлер мен депутаттарға және судьяларға ғана арналған.

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев қыркүйек айында FATF (Көлеңкелі ақшаны заңдастыруға қарсы күрес шаралары тобы) ұсынысы бойынша шенеуніктердің отбасы мүшелеріне де шетелде есепшот ашуға тыйым салуды қарастырып жатқанын айтқан.