87 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырған банк қызметкеріне қатысты тергеу жүріп жатыр
87 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырған банк қызметкеріне қатысты тергеу жүріп жатыр
318
оқылды

Бұл туралы polisia.kz хабарлады.

Былтыр 11 қарашада Жітіқара қаласында банк қызметкері өзінің жеке есепшотына 87 миллион теңгеден астам қаржы аударып, іле-шала елден қашып кеткен.

Ол былтыр қараша айында Челябинск қаласында ұсталды. Қазіргі уақытта бұл қылмыс бойынша тергеу аяқталуға таяу. Қылмыстық іс таяу күндері сотқа жіберіледі.

Бекет Аймағамбетов негізгі тергеу Ресейде жүргізілгенін де атап өтті.

Ұрланған ақша банкке қайтарылды.