Головкин-Шеремета жекпе-жегі өтетін уақыт белгілі болды
Головкин-Шеремета жекпе-жегі өтетін уақыт белгілі болды
104
оқылды

18 желтоқсан күні (Қазақстанда – 19 желтоқсан таңында) Голливудта (АҚШ, Флорида штаты) қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) мен Польша боксшысы Камил Шеремета (21-0, 5 КО) арасында IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионының титулы үшін жекпе-жек өтеді.

Sports.kz сайтының мәлімдеуінше, Головкин — Шеремета жекпе-жегі сенбі күні, Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен таңғы сағат 07:00-де басталады. Алайда DAZN айқастың өтетін уақыты андеркард жекпе-жектерінің ұзақтығына байланысты өзгеруі мүмкін екенін атап өтті. Еске сала кетсек, бастапқыда бұл кездесу ақпан айында өтуі тиіс болған. Алайда түрлі себептермен, соның ішінде коронавирус пандемиясына байланысты бірнеше рет кейінге қалдырылды.