Онлайн төлем жасағанда ақша қалай ұрланады?
Онлайн төлем жасағанда ақша қалай ұрланады?
187
оқылды
Биыл көптеген мемлекет тұрғындары тауар мен қызмет үшін төлем жасауға QR-кодты белсенді қолдана бастады, – деп жазады Sputnik.kz. Бұл төлем тәсілі танымал болған сайын алаяқтар көбейді. "Позиция Права" заңгерлік компаниясының басқарушы серіктесі Егор Рединнің айтуынша, QR-код – құрылғыға мәтіндік ақпарат жеткізу тәсілі. "Алаяқтар ақпарат стендтерінде, парақшаларында QR-код қояды. Сондай-ақ кейбір ұйымдар көрсеткен кодты өзгертіп, ақшаны өз есепшоттарына ауыстырып алады", – дейді заңгер. Мамандардың айтуынша, қылмыскерлер осы екі схеманың біреуін таңдауы мүмкін. Біріншісінде, адамды әдейі жаңылыстырады. Ал екінші жағдайда тұрғындар білмей, телефонға вирустық бағдарламаларды жүктейді. Сондай-ақ тауар мен қызмет ұсынған компанияның QR-код реквизиттері орнына алаяқтар өздерінің мәліметін тіркейді. Сондықтан антивирус арқылы тексерілетін QR-код сервистерін қолдану керек. Олар кодтың фишингтік, зиянды парақшалар базасында бар-жоғын анықтайды. Егер QR-код арқылы алаяқтар ақшаңызды алып қойғанын білсеңіз, операцияны болдырмау үшін банкке жүгіну керек. Полицияға арыз жазған жөн.