Байқоңырда карантин мерзімі тағы да ұзартылды
Байқоңырда карантин мерзімі тағы да ұзартылды
135
оқылды

«Байқоңырдың» бас санитар дәрігерінің ұсынысына сәйкес және қала басшысының қаулысы бойынша карантин 2020 жылғы желтоқсан айының 28-іне, сағат 00:00-ге дейін созылады.

Тұрғындар шектеу талаптарын сақтауы тиіс.

Ресей Федералдық медициналық-биологиялық агенттігі «Байқоңыр» кешені Аймақтық басқармасының мәліметінше, бүгінде Байқоңыр қаласының аумағында коронавирусқа шалдыққан 1113 дерек тіркелген. Статистикаға сәйкес, соңғы екі аптада 23 адам ауруға шалдыққан. Бүгінде инфекциялық стационарда 11 адам ем қабылдап жатыр.

Биыл 1 маусым мен 11 желтоқсан аралығында коронавирустан 509 адам емделіп шықты.