Қазақстан «алтын көпірді» қалай тұрғызды?
Қазақстан «алтын көпірді» қалай тұрғызды?
332
оқылды

Тәуелсіздік таңында Қазақстан осындай күйге түсіп, тұйыққа тірелгенін екінің бірі білмейді. Бұл бейресми «блокададан» елді Елбасы шығарды.

Кіріптар күй, шідерленген қадам

Сарапшылар «Қазақстан – батыс пен шығысты жалғаған алтын көпір» деп еркін айтады. Алайда Еуропа мен Азияның тоғысындағы республика үш ғасыр бойы көлік-логистикалық және транзиттік әлеуетін мүлдем пай­далана алмады. Ресей импе­риясын айтпағанның өзінде, тоталитарлық режим үстемдік еткен КСРО-дағы жоспарлы-әкімшілік экономикаға сәйкес, одақтас республикалардың әрқайсысы еңбек бөлінісінде белгілі бір орынды иеленді. Қа­­зақстанға одақты шикізатпен, азық-түлікпен және әскери өнім­дер­мен қамтамасыз ету рөлі тиді. Өз бетімен, заң ретімен шет мемлекеттермен сауда-саттық жүр­гізуге рұқсат етілген Балтық ел­дерін, Украина және Беларусьтен өзге республикалар «темір шы­мылдырық» ішінде өмір сүрді: олардың бүкіл тауар айналымы тек одақтың ішін қамтыды. Қазақ­стандағы бүкіл сала, әсіресе өнер­кәсіп, энергетика, көлік, мұнай-газ құбырлары, байланыс пен сауда КСРО-ның қажеттілігін өтеді, соған ғана бағдарланды. Темір­жолдар мен магистральді авто­жолдар тегіс Ресейге бағыт алды. Салдарынан Қазақстанның ба­тысын шығысымен тікелей жал­ғайтын көлік қатынасы болмады. Жас ұрпаққа тосын, тіпті күлкілі көрінер, бірақ сол кезде қазақ­стандықтар өзіміздің бір облыстан екіншісіне жету үшін Ресейді, көршілерді айналып жүретін. Қазіргі кезде қандай кәсіпорын ашып, не шығарамын десе де кәсіп­кердің өз еркі: қалтасы көтерсе болғаны. Ал Кеңес Одағында Қа­зақ­станның не өндіріп, не жа­сайтынын Мәскеу шешетін. Мы­салы, бізге өнеркәсіптің небәрі 7%-ын басқаруға мүмкіндік берілді, тиісінше қазақ жеріндегі өнеркәсіп пен инфрақұрылымның 93%-ы Кремльдің билігінде болды. Сырт­қы саудамызда 75%-дық үлес – РКСФР, ал 15%-ы – Украина КСР еншісінде болған. Соның кесірінен біз негізінен 2 елге тәуелді болдық. Одақ күйрегенде осы байланыстың бәрі үзілді. Қазақстан бірден «жан-жағынан қамалған үйге» айналып шыға келді. Егер сол кезде ел басшылығына табанының бүрі, қимылының те­­геуріні, ісінің пәрмені жоқ, қара басының ғана қамын күйттеген, сөзге бар да, іске жоқ тұлға келгенде, Қазақстанның кейінгі тағдыры қан­дай болатыны белгісіз еді. Мы­салы, Ресей саясаткерлері 90-жыл­­дары «Қазақстан тез-ақ банкрот бо­­­лып, еңбектеп келіп, ерікті түрде өзі бодан болады» дегенді ақпарат құ­­рал­дарында ашық мәлімдеп жүр­ді. Қазақтың жерінің асты қа­зынаға бай дейміз. Бірақ оны жаһандық «қара базарға» жеткізіп, пұлдай алмаса елдің жоқшылыққа ұшырайтынын әлемдік тәжірибе көрсетті. Мысалы, Венесуэла мұ­най қоры жөнінен (300 миллиард баррель) әлемде 1-орынды алады. Осы ел біраз жыл бұрын банкрот болды. Оның сыртқы борышын өтеуге шамасы жоқ. Ашаршылыққа ұшыраған халқы Оңтүстік Аме­риканың өзге елдеріне босуда. БҰҰ босқындар істері жөніндегі жоғарғы комиссары басқар­масының де­регінше, 2015-2019 жылдар ара­лығында Венесуэланы 3,4 миллион азаматы тастап, босып кеткен.

Каспийіңді маған бер!

Кеңес кезінде Қазақстан өзі өндірген мұнайды одақтың құбыр жүйесіне тегіс тапсыратын. Әрі қарай оның қайда және қаншаға сатылатынын Мәскеу білетін. Оның үстіне, Қазақ КСР Үкіметінің отандық мұнай-газ кәсіп­орын­дарындағы қызметі тек кен орын­дарындағы операторлықпен шек­телді. Экономиканың мұнай жоба­лары, мұнай-газ экспорты мен маркетингі мәселелерін Мәскеу өз құзырында қалдырды. Одақ күйрегенде, Ресей өз же­рінде бізге арналған жалғыз құ­бырды жауып, оған Қазақстаннан бір тамшы «қара алтын» жібермей қойды. Бейресми блокада. Сол арқылы нені көксейтіні де белгілі. Қазақстан амалсыз, мұнайды бас­қа елдерге теміржол цистер­на­ларымен жеткізуге көшті. Бірақ олай іс өнбейтін еді. Мұнай өндірудің деңгейі 1994 жылы 20 миллионға дейін құлдырады. Қазақстанның Тұңғыш Пре­зиденті мемлекетіміздің тәуелсіздік алуымен бірге орасан зор проб­лемаларға жолыққанын еске тү­сірді. – Алда Каспийдің шикізат бай­лығы үшін Мәскеумен арада ұзақ күреске төтеп беру міндеті тұр­ды. Кейбір күштер Борис Ельцинді Теңіз кен орнын Ресей меншігіне алуға итермелеп, қатты қысым көр­сетті. Міне, осыған бай­ланысты Ельцин­­мен арада көптеген қо­лай­сыз әңгіме болды. Бірде Мәс­кеуде Ельцинмен болған кездесуде ол ма­ған: «Теңізді Ресейге бе­рің­дер!» – деді. Мен бетіне қара­дым: бай­қаймын, қалжыңдап тұрған жоқ. «Онда Ресей бізге Орынбор облы­сын берсін, өйткені Орынбор Қа­зақ­станның астанасы болды ғой!» деп сабырлы жауап қаттым. Ол тіксініп қалды: «Сіздің не, Ресей­­­ге жерге қатысты дауыңыз бар ма еді?» деді. «Ә, жоқ» дедім. Ол кү­ліп жіберді, мен де күлдім, – дей­ді Нұрсұлтан Назарбаев («Қазақстан жолы» кітабынан үзінді). Елбасының өз ойын оралымды әрі орайымен жеткізе білер ше­шендігі, айтқан пікіріне қар­сыласын ұйыта алар бітімгершілігі арқасында Қазақстан ақыры Ре­сейдегі құбырға қайта қол жет­кізді. Бұдан бөлек, Батыс Қазақ­станнан мұнайды «Теңіз-Ново­российск» бағытында Қара теңіздің солтүстік-шығыс жағалауына шығаратын, жалпы ұзындығы 1 510 шақырым болатын жаңа «Каспий тұрба-құбыр консорциумы» құрылды. 1992 жылы «КТК»-ның негізін салушылар Қазақстан мен Оман сұлтандығы болды, кейін Ресей қосылды. – Жаңа мұнай құбырын салғысы келмеген Ресейдің қар­сылығын жеңе отырып, ортақ келісімге келуге тура 6 жыл кетті. Бірде маған Премьер-Министр Нұрлан Балғымбаев келіп: «Бітті! Жағалай бас тарту, ылғи іріткі салу! Байқаймын, мәселе шешілмейтін түрі бар» дегені. Мен оған қысқаша хат дайындап, «Ресей мұнай құбырын тартуға қатысудан бас тартса, өз жері арқылы мұнай тасымалдаудан түсетін қанша ақшадан қағылатынын» көрсетуді тапсырдым. Б.Ельцин Кремль ауруханасында емделіп жатқан еді. Мен сол ауруханаға бардым. Екі сағатқа созылған әңгімеден соң мәселе шешілді, – деп еске алады Н.Назарбаев. 2001 жылы өткізу қабілеті жылына 28 млн тонна мұнайды құрайтын «КТК» құбырының алғашқы кезегі де пайдалануға берілді. Сол кезден бастап, қазақ мұнайын әлемге жеткізу соны қарқын алды. Сонымен бірге Қазақстан отандық көмірсутегін экспорт­таудың көпвекторлы стратегиясын жүзеге асыра алды. Атасу-Ала­шанькоу құбырын салу арқылы Қытайға да «қара алтын» өткізе бастады. Еліміз Ресейді айналып өтіп, Ақтау теңіз айлағы арқылы Баку-Тбилиси-Джейхан құбырына қосылды. Республикамыз 2019 жылы 90,4 миллион тонна мұнай өндіріп, өткізіпті. Энергетика министрлігінің дерегінше, 2020 жылғы қаңтар-қараша айларында 78,5 млн тоннасы өндірілді.

Транзиттік сала – тұрақтылық пен табыс ұстыны

Еуропа мен Азияның бітіскен тұсында орналасқан Қазақстан зор транзиттік әлеуетке ие. Сарап­шылардың байламынша, қазақтың Ұлы даласы батыс пен шығыс арасында қатынайтын жерүсті көлігіне географиялық тұрғыдан баламасыз бағдар ұсынады. Себебі осынау ұлан-байтақ аумақты ай­налып жүру ешбір жобаға абырой әпермейді. Сондықтан Қазақстан Көшбасшысы тәуелсіздіктің қа­лыптасу жылдарында бірнеше көлік дәлізін құру бастамасын ілгерілетіп, екіжақты және көп­жақты келіссөздер жүргізді, әртүрлі халықаралық конференцияда олардың таныстырылымын өткізді. Нәтижесінде, «Батыс Қытай–Батыс Еуропа» автокөлік ма­гистралін салу жобасы дүниеге келді. Оған қатысты алғашқы құжаттарға 2009 жылы қол қойыл­ған. Жобаға қатысты өз аума­ғындағы жолдарды салуды Қытай да, Қазақстан да аяқтады. Тек Ресей кешеуілдеп, біраз істі кейінге ысырумен келді. Жоба тұйыққа тірелмеуі үшін бұл іске теңіз жолы тартылды: шың елінен тасқындаған жүк легі Каспийдегі Ақтау мен Құрық порттары арқылы жө­нелтілуде. Еліміз аталған теңіз ай­лақтарына теміржол төсеп шықты. Шетелдік жетекші маман­дар­дың бағалауынша, алдағы 20-25 жылда Орталық Азия өңірі Батыс Қытай–Батыс Еуропа арасын байланыстыратын стратегиялық аймаққа айналады. Осының ая­сында Қазақстан көлік-логис­тикалық және транзиттік хаб рөлін атқаруға ұмтылуда. Бұл ретте, қар­жылық шығындар, эконо­микалық пайда және жеткізу жыл­дамдығы тұрғысынан «Батыс Қытай–Батыс Еуропа» дәлізі аса тиімді саналады. Ол бойынша ҚХР-дан аттанған жүк Алматы арқылы елге кіріп, Ресейге, одан әрі Беларусь пен Польшаға жол тартады, ақыр соңында Гер­мания мен Францияға дейін жетеді. Нәтижесінде, шығыс пен батыс және кері бағытта тауар жеткізу мерзімі 3,5 есе кемиді. Қазақстанның транзиттік әле­­­уетін шығыс көрші молынан пайда­­­лануға ниетті. Қытай Халық Рес­­­­пуб­­­ликасының төрағасы Си Цзинь­пиннің 2013 жылғы қыр­күйекте «Бір жол, бір белдеу» жо­басын Қазақ­­станға сапары кезінде жариялауы бекер емес. Бұл жерде бағзы за­­мандағы Ұлы Жібек жолы бойында орын тепкен өңірлердің эконо­­микалық күшін біріктіру жайында әңгіме болып отыр. Жаңа бағыт Азия, Тынық мұхит және Еуропа аймақтарын қамтып, жал­пы саны 3 миллиард адам тұрып жат­­­қан 120 елді басып өтеді: оның ұзындығы 7 мың ша­қырымға созылады. 2019 жылғы 26 сәуірде ҚХР астанасы Бейжіңде өткен «Бір жол, бір белдеу» ІІ халықаралық ынты­мақтастық форумында Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаев саяси қарама-қайшылыққа, санкциялар мен сауда текетіресіне қарамастан, осы бастама аясында сауда көлемі артып, бүгінде 5 триллион долларға жеткенін хабарлады. – Қазақстан соңғы 10 жыл ішін­де инфрақұрылымды, көлік-ло­­­гис­тика активтерін дамытуға шама­­мен 30 мил­­­лиард доллар ин­­вестиция сал­ды. 3 мың шақы­рымға жуық ұлт­тық теміржол және 12,5 мың шақы­рым автожол салынды немесе қайта жөндеуден өтті. Теңіз және әуе порт­тары жаң­ғыртылды. Сөйтіп, қысқа мерзімде елімізде заманауи және бәсекеге қабілетті транзиттік хаб құрылды, – деді Елбасы. Халықаралық жолдар салу – елге инвестициялардың ағылуы­на жол ашу, еркін саудаға жағ­дай жасау, өңірлік эконо­ми­калық ын­ты­­­мақтастықтың са­пасын жақ­сарту деген сөз. Осы мақсатта Қа­зақстан 2016 жылы «Нұрлы жол» бағдар­­ламасын қолға алды, оны Жібек жолының Эко­номикалық белдеуі­мен ұш­тастыру жоспары табысты іске асырылып жатыр. Батыс пен шығысты «Батыс Еуро­па–Батыс Қытай» құрлық­аралық жаңа авто­ма­гистраль бай­ланыс­тырды. Біздің еліміз Қы­тайдың Ляньюнь­гань портында логисти­калық тер­минал салды. Тұңғыш Прези­дент баста­масымен «Қазақ­стан – Түрік­мен­стан – Иран – Пар­сы шығанағы» бағы­тындағы темір­жол іске қо­сылды. Қытайдан Оң­түстік Кав­казға, Түркияға, одан әрі Еуропаға Қазақстанның Ақтау жә­не Құрық порттары арқылы жөнел­тілетін жүк­тердің көлемі артып келеді. Қорыта айтқанда, қазақ елі даңқты бабаларымыз тұсындағыдай қайтадан шығыс пен батыс ара­сындағы «алтын көпірге» айналды. Пандемия заманында, яғни әр ел шекарасын тарс бекітіп, оқ­шау­ланған шақта да легі тоқтамаған транзиттік жүк тасымалы ел эко­номикасына сүйеу болды. Қа­зақ­стан транзиттен 3-4 миллиард дол­­лар (немесе шамамен 1,5 трил­лион теңге) табыс табады. Келесі жылдары оны 5 миллиард доллар­дан асыру жоспарлануда. Салыстыру үшін айтсақ, Қа­зақ­­станға мұнай сатудан 2018 жылы – 37,8 мил­­­лиард, 2019 жылы – 33,6 млрд, ал 2020 жылғы 6 айда 15,1 млрд доллар табыс түскен екен. Ен­деше бола­­шақ­та Қазақстан «қара алтыннан» тауып келген бар та­бысын тран­­­зиттен-ақ алатын жағ­дайға жетуі мүмкін. Осы­­лайша, Ел­басының са­рабдал саясаты арқа­сында Қазақстан Тәуел­сіздіктің 30 жылы ішінде нағыз «алтын кө­­пірді» тұрғызып, сол ар­­­қылы елдің ырыс-берекесін есе­леуде.   Ерлан Ерлан САЙЫРОВ:

Саяси жүйені жетілдіру керек

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев келесі жылы біздің еліміздегі саяси мо­дер­низацияның екінші деңгейіне аяқ баса­ты­ны­мызды айтып өтті. Өздеріңіз біле­сіздер, қазір еліміз эво­лю­циялық түрде дамып келе жатыр. Саяси жүйені же­тілдіру керек. Өмір­дің өзі мо­дернизациядан тұра­ды, сон­дықтан бұл – заң­дылық  әрі уақытында, дер кезінде атқа­рылған шара болады деп ойлаймын. Дүниежүзіне орасан зор шы­ғын алып келген пандемияның жал­­ғасып жатқанына да бір жылға жуық уақыт болды. Әлем эко­номикасына айтарлықтай шығын әкелді, біздің елімізге де оңай тиген жоқ. Де­генмен де мем­лекет халқы­мызға барынша кө­мектесіп жатыр, тікелей көмек пакеттері болды, бизнеске қолдау көр­сетіліп жатыр. Енді қазір бүкіл әлем ғалымдары дерттің емі – вак­цинаны жасау үшін жұмыла жұмыс істеп жатыр. Вакцина да жақын арада табылып қалуы мүмкін. Бұл пандемияны халық, қоғам, мемлекет біріге отырып еңсереміз деп ойлаймын. Пан­демия кезінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа мате­риалдық, мо­ральдық тұрғыдан өте көп көмек көрсетілуіне жағ­дай жасады. Бұл да елімізде әлеуметтік, рухани тепе-теңдіктің сақталуына себеп болып отыр.   Алуа Алуа ЖОЛДЫБАЛИНА:

Тәуелсіздіктің төртінші онжылдығына қадам басамыз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев келесі жылға жоспарланған ре­формалар жайлы мәлім­дегенін білеміз. Пре­зиденттің бірқатар маңызды дүниелерге тоқталғанын аң­ғардық. Әуелі Қазақстан Тәуел­сіздігінің 30 жылдығына дайын­дық мәселесі сөз болды. Бірақ концерт арқылы атап өтіп, мереке күйінде қалдырмау керегін қадап айтты. Демек, ел азаматтары тәуелсіздікті өз ішкі түйсігімен ұғып, іргелі ел болғанымызды нақ­ты іс-әрекетпен дәлелдеуі тиіс. Одан кейін Қазақстан Тәуел­сіздіктің төртінші он­жыл­дығына қадам басады. Бірақ негізгі мәнді адам капиталына беруіміз қажет. Сонымен қатар ол кезең білім мен медицинаға баса назар аударатын шақ. Бұдан бөлек, елде бірқатар саяси р­фор­малар бол­ғаны белгілі, дегенмен оны жүйелі түрде жал­ғастыру – маңызды мәселе. Мұнымен тоқ­тап қалар ниет жоқ, келесі жылы саяси ре­­­фор­малардың жаңа топтамасын ұсынғанымыз абзал.  

АйханАйхан ШӘРІП