Президент келесі жылды Тәуелсіздіктің 30 жылдығы деп жариялады
Президент келесі жылды Тәуелсіздіктің 30 жылдығы деп жариялады
678
оқылды

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Салтанатты жиында Мемлекет басшысы Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақ елінің дамуы, жетістіктері жайында айтты.

«Егемен еліміздің өміріндегі тағы бір мерейлі белес жақындап келеді. Біз қастерлі Тәуелсіздіктің 30 жылдығына қадам басамыз.  Бұл – баршамызға ортақ өнегелі өлшем, тағылымды кезең. Жаңа мемлекет құруға атсалысқан бүкіл халқымыздың ерен еңбегінің тарихи шежіресі. Сондықтан, мен келесі жылды «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы» деп жарияладым», – деді Президент.

 
 width=