Дәрігерлер 1 жасар қыздың мойнынан көлемі теннис добындай ісікті алып тастады
Дәрігерлер 1 жасар қыздың мойнынан көлемі теннис добындай ісікті алып тастады
251
оқылды
Елордалық дәрігерлер  ең күрделі операциялардың бірін жасады. Олар баланың оксипитальды бөлігінен үлкен мөлшердегі ісікті алып тастады. Далида есімді сәбидің мойнындағы ісікті анасы басында қалға ұқсатқан. Содан кейін дәрігерлер әйелге дақтың өсіп жатқанына және түсіне мән беріп жүру  керегін айтыпты, – деп жазады Sputnik.kz. Бірнеше айдан кейін баланың ата-анасы дабыл қақты. Өйткені көлемі теннис добындай болып үлкейген.
«Дәрігерлер дақтың өсуіне және түсіне мән беруге кеңес берді. Біз үміттенген едік, бірақ өсе бастады», – дейді сәбидің анасы.
Осыдан кейін баланың ата-анасы ісіктің себебін анықтау үшін түрлі сынақтардан өткен.
"Бармаған жеріміз қалмады. Тіпті, ана мен бала ұлттық орталығы ісік бойынша нақты түсінік бере алмады, операция жасауға қорықты", – дейді әйел.
Нәтижесінде, № 2 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасының мамандары көмек көрсетуге ниет білдірген. Дәрігерлер ісікті хирургиялық жолмен жоюға шешім қабылдады. Сонымен қатар олар қыздың туа біткен тамыр ісігі (кавернозды гемангиома) бар екенін атап өтті, – деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
"Көлемі едәуір үлкен болғандықтан, интраоперациялық қан кету қаупі болды. Біз оны алып тастай алдық. Бәрі ойдағыдай өтті", – деді дәрігер Ирек Мингазов. [caption id="attachment_95763" align="alignnone" width="2196"]сәби Фото: ашық дереккөзден[/caption]
Қазір сәби өзін жақсы сезінеді. Ісік енді ұйықтауға және рахат өмір сүруге кедергі болмайды.