Дзюдо: Мағжан Шамшадин топ жарды
Дзюдо: Мағжан Шамшадин топ жарды
190
оқылды
Дзюдодан 60 келіге дейінгі ерлер арасындағы Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері белгілі болды, деп хабарлайды Olympic.kz. Ақтауда дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. Жарыстың алғашқы күнінде ерлер 60 келіге дейінгі  салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтады. Аталған салмақ дәрежесінде финалда жастар арасындағы әлем чемпионы қызылордалық Мағжан Шамшадин мен жастар арасындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері Алматы облысының өкілі Дамир Болатбеков кездесті. Екеуара кездесу өте тартысты өтіп, нәтижесінде Мағжан Шамшадин жеңіске жетті. Қарағандылық Ержан Еренғайыпов пен БҚО спортшысы Тоқтар Үміталиев жарыстың қола жүлдесіне ие болды.