Лотереядан 13,2 миллион доллар ұтып алды
Лотереядан 13,2 миллион доллар ұтып алды
172
оқылды

«ҚазАқпараттың» жазуынша, Канадада ұлттық лотереяның 17,6 млн канадалық доллар көлеміндегі ($13,2 млн) джекпоты ойнатылды.

Дереккөздің хабарлауынша, ұтыс жайында OLG компаниясы мәлім еткен.

«Түскен нөмірлер: 1, 8, 18, 24, 30 және 45. Бонус саны - 13» дейді ұйымдастырушылар. Анығы, жоғары ұтысқа ие болған билет Онтарио провинциясында сатылған. Бұдан басқа 1 млн канадалық доллар көлемінде ($760 мың) жұбаныш сыйлығы ойнатылған. Ол Британдық Колумбия провинциясының тұрғынына бұйырды. Енді ұлттық лотереяның ережесіне сәйкес, ұтыс иесінің билеті ұйымдастырушыларға міндетті түрде көрсетіліп, жеңімпаздың кім екендігі көпшілікке айтылуы тиіс.