Катар елімен тығыз байланыс
Катар елімен тығыз байланыс
314
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Катар Орталық банкінің төрағасы Абдалла Әл Тани бастаған ірі қаржы құрылымдарының басшыларымен кездесті. Кездесу барысында қаржы саласындағы өзара іс-қимылдар, инвестиция тарту және «Астана» халықаралық қаржы орталығы аясындағы мәселелер талқыланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Президенті Ка­тар делегациясының осы сапары өзара ынтымақтас­тықты дамытуға тың серпін беруі тиіс екенін атап өтті.

– Биылғы маусым айын­да Душанбеде Катар Әмірі­мен кездестім. Сол кезде екі мем­лекет арасында дә­не­­­кер болатын нақты іс-қи­мыл­­­­­дарды күшейту жөнінде уағдаластық. Мен оны Қа­зақстан аста­на­сына ресми сапар­мен келуге шақырдым. Осы­ған бай­ланысты сіздер­дің сапар­ларыңыздың біз үшін маңы­зы аса зор деп ойлаймын, – деді Мемлекет басшысы.

Катар Орталық банкінің төрағасы Абдалла Әл Тани өз елінің басшылығының Прези­дентке, Үкіметке және Қазақстан халқына жолдаған сәлемін жеткізді.

– Екі ел арасындағы қа­рым-қатынастардың жо­ғары дең­гейде дамып келе жатқанын білесіздер. Біздің сапарымыз осы үрдіске қол­дау көрсету болып саналады. Елдеріміздің қаржылық құ­рылымдары арасында терең әрі тығыз байланыстар ор­наған. Біз бір-бірімізбен банк, қаржы және инвестиция ба­ғыттары бойынша ықпал­дастық жасап келеміз. Кеше «Астана» халықаралық қаржы орталығының базасында Катар­дағы ірі банктердің бі­рінің филиалын ашу жөнінде уағдаластық, – деді Катар қар­жыгері.

Сонымен қатар ол екі ел ара­сындағы тікелей әуе қаты­на­сының тезірек ашы­луы сауда-экономикалық және ин­вестициялық ынтымақтас­тықты нығайта түседі деген пікір айтты.

Делегация құрамында Катар Қор биржасының басқарма төрағасы Рашид әл-Мансури, Masraf Al Rayan банктер тобының төрағасы Хусейн әл-Абдалла, Qatar Inter­national Islamic Bank банкінің басқарма төрағасы Абдул Басит әл-Шайби, Qatar National Bank банкінің басқарма төрағасының мін­детін атқарушы Абдулла әл-Халифа, Катар қаржы орта­лы­ғының Реттеуші ведом­ство­сының басқарма төра­ғасы Майкл Раян, Commercial Bank of Qatar банк­тер тобының басқарма мү­шесі Мохамад Мандани әл-Эмади және Катардың Қазақ­стандағы елшісі Абдулазиз әл-Румейхи болды.