«Ақысын жеді!»: қазақ спортшысының Fight Nights турниріндегі жекпе-жегі даумен аяқталды – видео
«Ақысын жеді!»: қазақ спортшысының Fight Nights турниріндегі жекпе-жегі даумен аяқталды – видео
168
оқылды
Аралас жекпе-жек шебері қазақстандық Мұратбек Қасымбай (10-4) Мәскеуде өткен AMC Fight Nights 99 турнирінде есе жіберді,– деп хабарлайды Vesti.kz. Астаналық файтердің қарсыласы үнемі дауға ілігіп жүретін ирандық Мохамад Хейбати (3-0), оған "Парсыдан шыққан дағыстандық" лақап аты берілген. Жекпе-жек қорытындысы бойынша үш төреші де 29:28 есебімен жеңісті Мохамадқа беріп, бұл шешім дау тудырды. Үш раунд бойы қазақ спортшы алаң ортасын ұстап, қарсыласына қысым жасады. Сонымен қоса оның пайдасына екі тейкдаун жазылды. Дегенмен төрешілердің шешімі өзге болды. https://youtu.be/41xvMvL6mDU "Мұны қалай түсінуге болады? Мен жеңгенімді бәрі көрді. Қалайша жеңілгенімді білмеймін. Мені тіпті матчмейкерлер де құттықтап үлгерді",– деді Мұратбек жекпе-жектен кейін. Бұл пікірге "Парсыдан шыққан дағыстандықпен" жекпе-жек өткізу керек болған Чоршанбе Чоршанбиев (6-3-1) те қосылып, қазақ спортшының жеңгенін мойындады.