Қуаныш Құрашев «Теңге ілу» федерациясының президенті болып тағайындалды
Қуаныш Құрашев «Теңге ілу» федерациясының президенті болып тағайындалды
684
оқылды

Қуаныш Құрашев Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының вице-президенті – «Теңге ілу» федерациясының президенті қызметіне тағайындалды.

Ол 1984 жылы 23 қазанда дүниеге келген.

Қазақ мемлекеттік Заң академиясы, Экономика және құқық академиясы, Абай атындағы ҚазҰПУ, Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын тамамдаған.

Еңбек жолын 2003 жылы Алматы қаласында «СловКазстрой» ЖШС-дан бастаған.

Әр жылдары Жоғарғы сот, Әділет министрлігі, Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінде жұмыс істеген.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдігінде жауапты қызмет атқарады. Заң ғылымының кандидаты.