Қазақстан құрамасы UEFA рейтингінде алғашқы бестіктегі орнын сақтап қалды
Қазақстан құрамасы UEFA рейтингінде алғашқы бестіктегі орнын сақтап қалды
147
оқылды
Футзалдан Қазақстанның ұлттық құрамасы 2020 жылға арналған УЕФА рейтингінде төртінші орынға ие болды, деп хабарлайды Prosports.kz. Құрама еншісінде 2097-ден астам ұпай бар, соның арқасында олар алғашқы үштікке жақындады. Қазақстан былтыр да жылды төртінші орында аяқтаған еді. Рейтингті Испания бастап тұр (2209), одан кейін Португалия (2116). Ресей үшінші орынға 0,915 жайғасқан. Футзалдан УЕФА рейтингі:
  1. Испания — 2209,692 ұпай.
  2. Португалия — 2116,631.
  3. Ресей — 2098,095.
  4. Қазақстан — 2097,180.
  5. Сербия — 2007,570.
  6. Әзірбайжан — 1990,738.
  7. Хорватия — 1943,614.
  8. Италия — 1928,482.
  9. Украина — 1896,725.
  10. Чехия — 1887,535.