Биыл Парламент жүзден астам заң қабылдады – Мәулен Әшімбаев
Биыл Парламент жүзден астам заң қабылдады – Мәулен Әшімбаев
240
оқылды

Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты.

«Биыл оңай болған жоқ. Пандемия адамзаттың қалыпты өмірін мүлдем басқа арнаға бұрып жіберді. Соның салдарынан туындаған жаңа сын-қатерлерді әр мемлекет өз мүмкіндігіне қарай еңсеріп келеді. Осы бағытта елімізде Президентіміздің басшылығымен дер кезінде шұғыл шешімдер мен нақты шаралар қабылданды. Соған сәйкес Парламент жыл бойы Мемлекет басшысының бастамаларын және еліміздің стратегиялық саясатын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету үшін ауқымды жұмыс атқарды. Бұл ретте Сенат депутаттарының белсенділігін ерекше атап өткім келеді. Жалпы, биыл Парламент 110 заң қабылдады. Оның 30-ға жуығына Парламент депутаттары бастамашы болды», – деді Мәулен Әшімбаев.