Дәрігерлер өлген адамды үйіне «тірі» қайтардық деп қағаз толтырған
Дәрігерлер өлген адамды үйіне «тірі» қайтардық деп қағаз толтырған
191
оқылды

Nur Otan партиясының қоғамдық қабылдауына келген Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Ішкі істер министрінен көмек сұрады.

«Астана» телеарнасының хабарлауынша, Нұр-Сұлтанда дәрігерлер қайтыс болған науқасты «тірі» деп хаттама толтырған.

Төрт жылдан бері әділдік іздеп жүрген Шухрат Таджиддиновтың айтуынша, қалалық аурухананың біріне асқазына ауырып, ауыр халде түскен әжесіне дәрігерлер араша бола алмаған. Соңынан науқасты үйіне тірі күйінде жібердік деп хаттама толтырған. Телеарнаның хабарлауынша, астаналық тұрғын ауруханадан әжесінің мүрдесін алып шыққан.

«Дәрігерлер оның медициналық картасын да өзгерткен. Онкологиялық ауруы болып деп жазып қойыпты. Ондай болған емес. Медициналық экпертиза жасап көрсе болады. Осы жағдай бойынша талай рет сотқа арыз жаздым. Бірақ істі жылы жауып қоя береді», – дейді Шухрат Таджиддинов.

Министр тексеру мәселесін өз бақылауына алатын болды.