«Армения туристическая» журналы Қазақстанды насихаттады
«Армения туристическая» журналы Қазақстанды насихаттады
144
оқылды

«Хабар 24» арнасының жазуынша, журналдың жаңа санында Қазақстан туралы қызықты дерек көп.

Қазақстан туралы материал жинау үшін бас редактор Рубен Пашинян елімізге арнайы келіп кеткен. 120 беттік, түрлі түсті журнал — туризмді насихаттайтын ең танымал басылым.


Kazakhstan.jpg

«Армения туристическая» журналының бас редакторы Рубен Пашинян: «Қазақстан бүкіл ұжымға қатты ұнады. Қазақстанға тағы да барып, қайтсақ екен дегенді жиі айтады. Бізге жергілікті тұрғындар қатты ұнады. Жастардың үлкендерге, туған қаласына, Отанын құрметтейтіне тәнті болдық», – дейді.